Медицина • 23 Тамыз, 2018

Алматыда білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі өтті

1080 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыда білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі өтті.

Алматыда білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі өтті

Білім беру жүйесіндегі жыл қортындысы жөнінде Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова есеп беріп, Алматыда ҰБТ бойынша жетінші жыл қатарынан республикамызда бірінші орын алып келе жатқанын баяндады. Биылғы бітірушілер арасында Шияра Құдайбергенова 140 балл жинап алғашқы орынға шыққанын айтып өтті. Кеңеске қатысқан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ұстаздар ұйымын 1 қыркүйекте жаңа заманауи 1200 орындық мектеп-гимназия ашылатынын айтып қуантты. Тамыз кеңесіне қатысқан мәжіліс депутаттарын бастап келген Гүлмира Исимбаева да ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева Алматы қаласы мұғалімдерінің тамыз конференциясының жұмысына қатысты.

Бүгін, Парламент мәжілісінің бір топ депутаттары, Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жетекшісі Г.И.Исимбаеваның басшылығымен Алматы қаласы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында қала мұғалімдерімен кездесті.

Гүлмира Истайбекқызы  кездесу кезінде Мәжіліс жұмысының кейбір қорытындыларына тоқталды. Сонымен қатар жұмыс барысында депутаттар әлеуметтік салаға  ерекше мән бергенін атап өтті. Мәселен, өткен сессия барысында 84 заң жобасы мақұлданса, 6-уы білім саласын  және балалардың құқығын қорғауға арналды. Оның 3-еуі депутаттардың бастамасымен әзірленді.  Олардың қатарында балалардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін  ақпараттан қорғауға бағытталған және жоғарғы оқу орындарының акедемиялық дербестігі туралы заңдар бар. Сондай-ақ  білім  туралы заңға енгізілген өзгерістерге тоқталды, оған сәйкес, колледж түлектерінің түлектерінің бір мамандық шеңберінде бірден үш біліктілік алуға болатынын, мұның өзі олардың жұмысқа тұру мүмкіндігін молайтатыны туралы да айтты. Сондай-ақ заңдарға енгізілген басқа да өзгерістер жөнінде әңгімеледі.

Үшінші парламенттік сессияны тарихи маңызды деп айтуға толық құқығымыз бар, өйткені дәл осы Парламент қабырғасында Елбасымыз алғаш рет Бес әлеуметтік бастамасын жариялады, олардың заңламалық қамтамасыз етілуіне депутаттар барынша белсенді қатысқанын сөз етті.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Г. Исимбаева Елбасының «білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»- деген сөзін келтіріп, ұстаздық қызметтің басты нысанасы саналатын – білім саласы – ол мемлекеттің тірегі, өркениеттің айнасы деп, келесі сессияда заң шығарушылық жұмысының векторы Елбасының тапсырмаларын орындауға және еліміздің педагогтарына барынша қолдау көрсетуге бағытталатыны жөнінде сендірді.                                                                                                                                                                                                                                            

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы