Әлем • 24 Тамыз, 2018

Чике-Таман асуында микроавтобус аударылып қалды

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таулы Алтайдың Чуя жолында микроавтобус аударылып, 14 жолаушы ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Риа Новости.

Чике-Таман асуында микроавтобус аударылып қалды

Таулы Алтай, Чике-Таман асуы

Алтай республикасының ІІД қызметінің мәліметінше,  жол апаты жұма күні түнде Онгудай ауданынана қарасты Чуя жолының 659 шақырымында болған.

«Чике-Таман» асуынан түсіп келе жатқан ISTANA маркалы көлігінің тежегіші істен шығып, аударылып қалған», деп жазады. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, көлік жүргізушісі спирттік ішімдік ішпеген, сау болған.

Жұма күні түнде келіп жеткен хабарда жол апатынан мертігіп қалған Моңғолияның 3 азаматы ауруханаға жеткізілгені туралы айтылған.

Чике-Таман асуының биіктігі 1295 метр. Төрт шақырым көтеріліп, төрт шақырып түсетін құлама асу әлемдегі ең қиын 10 жолдың бірі саналады. Моңғолия мен Қазақстан азаматтары екі ел арасына қатынау үшін осы асуды басып өтеді.

Асу басында тамашалауға арналған алаңқай бар. 1996 жылдан бастап Алтай Республикасының табиғи ескерткіші ретінде жарияланған.

Ая ӨМІРТАЙ,

"Егемен Қазақстан"