23 Желтоқсан, 2011

«Отанымызды дүние жүзіне таныттыңыз»

269 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Тәу­ел­сіздігінің 20 жылдығына байланысты Православие шіркеуі, қо­ғам­дық бірлестіктер мен еліміздің жекелеген азаматтарынан құт­тықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің баспасөз қызметі. Қазақстан Православие шір­кеуі­нің басшысы, Астана және Қа­зақстан Митрополиті Алексан­др­дың хатында былай делінеді: «Ұлт­тық егемендік жылдарында Қа­зақ­стан халқы Сіздің басшылы­ғы­ңыз­бен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында дәй­ек­ті даму жолымен жүрді. Біздің еліміз саяси және әлеуметтік-эко­номикалық табыстармен қатар, дінаралық түсіністік пен келісім, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуге қатысты істерде өзгелерге үлгі болып келеді». Сондай-ақ құттықтауларды Орал және Гурьев Архиепископы Антоний, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маң­ғыстау және Атырау облыс­та­рын өзіне қосатын Орал Епар­хия­сы­ның рухани сенушілері жолдаған. Қазақстанның Орыстар, славяндар және казактар ұйымы қау­ым­дастығының төрағасы С.Терещенко өзінің құттықтау хатында былай деп жазады: «Кеңестік империя­ның қирандыларынан тарихи мемлекет құру мүмкіндігі ХХ ғасыр­дың соңында қазақстандықтардың үлесіне тиді. Сандаған ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз бостан болу үшін Тәуелсіздікті арман­дады. Бірақ бұл 1991 жылдың жел­тоқсанында Сіздің дана саяса­ты­ңыз­дың арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздік халықтың басты құн­дылығы, өйткені, ол өзіміздің тағ­ды­рымызды өзіміз айқындауға құ­қық беретін біздің тарихи таң­дауы­мыз болып табылады. «Ортақ ел – ортақ тағдыр» қағидатына негізделген Қазақстан халқының келісімі мен бірлігі Сіздің көреген сая­са­тыңыздың негізгі ұстынына ай­нал­ды. Тәуелсіздік жылдарында Қа­зақ­стан экономикалық даму, аза­маттарымыздың өмір сүру дең­гейін жоғарылату, демократияның берік негіздерін құру бағыт­тарында адам айтқысыз табыс­тарға жетті». Молекулярлық биология инс­ти­тутының директоры, ҚР ҰҒА академигі Н.Айтхожинаның же­дел­­ха­тын­да былай делінеді: «Сіз­дің ұм­ты­лысыңыз, еңбегіңіз бен біліміңіз Қазақстанға халық­ар­а­лық таны­мал­­дылыққа ие әрі пост­кеңестік ке­ңістіктегі аса табысты мемлекет болуға мүмкіндік берді. Сіздің қоғамды дамытудағы стра­тегиялық басымдықтарды нақты анықтай білетіндігіңіз бен елдің ғылыми-техникалық және инно­ва­циялық әлеуетін жоғары­лату­дағы талмас қамқорлығыңыз қа­зақстандықтар­дың алға қойылған ауқымды міндеттерді жүзеге асыру қызметін белсенді ете түсті». Соғыс ардагері, КСРО мен ҚР-ның Құрметті жол қызметкері И.Карапыштың хатында былай делінеді: «Сізді Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің еліміз­дің аса құрметті азаматысыз. Сізді еліміздің азаматтары жақсы көреді. Халық Сізге «Елорданың бас ар­хи­текторы» деген құрметті атақ берді». Өскемендік зейнеткерлер Бақ­ты­гүл Ботантаева Президентті құт­тық­тай келіп, мынаны атап көр­се­теді: «Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығының арқасында біз­дің елімізді бүкіл әлем таныды. Енді Қазақстан – түрлі ұлт өкілдері бейбітшілікте және келісімде тұ­рып жатқан өркендеген, жоғары дамыған ел». Мемлекет басшысының атына құттықтаулар Орталықазиялық кен-өндірістік одағының мүшелері А.Бейсебаевтан, Б.Ахметғалиевтан, Л.Крупниктен, Президент жанын­дағы ҚСЗИ директоры Б.Сұл­та­новтан, жазушы, М.Шолохов атын­дағы халықаралық сыйлықтың лау­реаты, ҚР-ның еңбек сіңірген қай­раткері С.Досановтан, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі М.Ахмадиевтен, ветеринария ғы­лым­дарының докторы Е.Қанжі­гі­то­вадан, ҚР халық әртісі, композитор Б.Жұманиязовтан, жазушы және эколог Э.Ғаббасовтан, ҚР ҰҒА академигі И.Северскийден, академик С.Сартаевтан, Қызылорда об­лы­сы­ның Сырдария ауданындағы ауыл­дық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Жұмабекұлынан, еңбек ардагері З.Қамшыбаевадан, профессор Е.Тегісбаевтан, Қызылорда облысының Сырдария ауданын­да­ғы Тереңөзек қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Пірімбеттен, Риддер қаласының тұрғыны Х.Естаевадан, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының Сайрам ауданындағы Қа­рабұлақ ауылының тұрғыны Ш.Досымханқызынан,  Оңтүстік Қа­зақ­стан облысының Бәйдібек ауда­нындағы Шаян ауылының тұр­ғын­дары К.Тілегенова мен А.Ізбасаровадан, Алматы облысындағы Үш­тө­бе ауылының тұрғыны О.Бә­рі­­бе­ков­тен, Астана қаласының тұрғы­ны Е.Бейсеновадан, Ақтөбе облы­сын­дағы Қарағаш ауылының тұр­ғыны К.Еркөнековтен, қазақ­стан­­дық мектеп оқушылары У.Әби­хан, Н.Оразбек, Н.Жолдыбай, Е.Такметбек және басқалардан келіп түсті.