Аймақтар • 28 Тамыз, 2018

Малы тоқтың – елі тоқ

54 реткөрсетілді

Биыл Ақмола өңірінде шөп бітік шықты. Ерте көктемдегі қоңыр салқыннан бой көтере алмай булығып тұрған жасыл шалғын шілденің соңында дүр ете түсті. Қапысыз қамданған пішеншілер бір жылдық шөп қорын жинап алды. 

Облыс бойынша 1104,1 мың тонна шөп жинау жоспарланса, қазірдің өзінде 1122,7 мың тонна шөп дайындалып, маяланды. Бұл – қолда бар мал үшін қажетті бір жылдық жемшөп қорының 101,7 проценті әзірленгенін көрсетеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Серік Шайкөзовтің айтуына қарағанда, өңірдің барлық сипаттағы шаруашылықтарында 525,7 мың бас ірі қара қыс­та­тыл­-
­мақ.

Төскейі малға толған Ерей­ментау ауданының пішеншілері межелеген жоспарды орындап, 122 мың тонна шөпті маялап алды. Аудан пішеншілері биыл шөптің ыңғайына қарай қапысыз қам жасап, 152 мың тоннаға жеткізбек. Айталық Олжабай батыр ауылдық округі 12,5 мың тонна шөп дайындауды жоспарлаған болатын, қазірдің өзінде бұл көрсеткіш 16,4 мың тоннаға жетті. Осы ауылдық округтегі «Гея», «Нұр», «Алмат» шаруа қожалықтары қыстақ басына қажетті жемшөп қорын жеткізіп алды. Мая саны күн са­йын көбейіп келеді. Зеренділіктер де табиғаттың жомарттық та­нытқан биылғы сәтін пайдала­нып қалмақ. Шөп дайындау барысында Целиноград, Ат­басар, Біржан сал аудандары көш бастап келеді. Арқаның ақ бораны қатал сыншы. Атан түйе­ні алып жығатын бораны, үс­кірік аязы қатты өңірде тың­ғылықты дайындық жасама­са тағы болмайды. Енді ақмолалық пішеншілер бір жарым жылдық жемшөп қорын жасауға ұм­тылуда.

 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар