Аймақтар • 28 Тамыз, 2018

Отырарда астық көлемі екі есеге артты

180 реткөрсетілді

54 мыңнан аса халқы, 1 675700 км2 жер аумағы бар Түркістан облысындағы Отырар ауданы биыл жоғары табыстарға қол жеткізбек. Ежелден мал және егін шаруашылығымен даңқы шыққан өлкенің соңғы ширек ғасырда суармалы жерлері тұзданып, өнім беруі төмендеп кеткені белгілі.

Осы орайда,  Алматы қаласындағы Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия институтымен бірлесіп, ғылымның соңғы жаңалықтарын пайдалана отырып егістік жерлерді тұздан арылту жұмыстарын жүргізуге бел буған отырарлықтар көңіл қуантарлық нәтижеге де қол жеткізіпті.  Үкілі үмітке сенім артып, ауылшаруашылық саласындағы салмағы ауыр бұл істің оң шешілуіне барынша зейін қойған аудан басшылығы биылғы жаңбырдың аздығына қарамай жылдағы өнімнен рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін айтты. Мәселен, былтырғы жылы  жүгері дақылының көлемі 8500 гектар болса, биыл 10050 гектарға артқан. Жер-ананың   4000 гектарына терең қопсыту технологиясы қолданыла отырып, нәтижесінде үш рет суғарылуы тиіс жүгері алқаптарына екі рет қана су жіберілу арқылы ағын су үнемделіпті. Аталған институт ғалымдары өңдеген 3700 гектардың әр гектарынан алынатын өнім 150 центнерге жетіп, өнімнің екі есе көп жиналуы күтілуде.

Ал бақша өнімдері былтыр 6800 гектар жерге егілсе, биыл 7492 гектар алқапқа қанат жайған. Қауын-қарбыз өнімдері Қазақстанда ғана емес, шет елдік тұтынушыларға да экспортталу үстінде. Ұзақ мерзімге шыдайтын қауынқақ, қауынқұрт та көптеп дайындалып, табиғи дәруменге бай өнімдер жаңаша қырымен отандық тауарлар үлесін көбейтпек. Қазіргі таңда, шаруалар бұл бастаманың заман талабына сай дайындалуы мен түрлі қырларын екшеу үстінде. Демек, жәй ғана қауынқақ атауымен таныс өнім тың жаңалығымен қайта жаңғыруы да бек мүмкін.

Отырар ауданында мал басының артқаны да байқалады.  Жылдағы есептік көрсеткішпен салыстырғанда  сиыр 105, жылқы 111, қой 112, түйе 103 пайызға көбейген. Сондай-ақ, «Сыбаға» - 101, «Құлан» - 104, «Алтын асық» - 106 пайызға өсіп, мемлекеттік бағдарлама толығымен жүзеге асырылып, нәтижесінде мал шаруашылығымен айналысушы мамандар көптеген игі қадамдарға жол ашты.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен Түркістан облысында қолға алынған «CAMEL RANCH» бағдарламасына  Отырар ауданы да атсалысуда. Қазіргі таңда ауданда  6350 бас түйе болса, олардың санын арттыру бойынша тиімді жоспарлар қолға алынып, игілікті істі жүзеге асыруға талпыныс қарқынды.

Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы аймақтағы мал және ауылшаруашылық нысандарын кезекті рет аралап, шаруалар жайын осылайша нақтылады, дейді Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар