24 жастағы Дэвид Катц психатриалық орталықта екі рет жатып шыққан болуы ықтимал. Оған депрессияға арналған психотроптық түрлі препараттар рецептін бекітіп берген.
Катц жасөспірім шағында мектепке барудан жиі тартынған. Анасы компьютерлік ойындарға тәуелді деп санаған.
Дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында шериф Майк Уильямс жігіттің Madden NFL турнирін ойнап шыққан соң, көшедегі халыққа оқ жаудырғанын мәлімдеді. БАҚ беттерінде жазылғандай, Катц атып өлтірген екі жігіт турнир кезіндегі қарсыластары болып шыққан. Кейін Катц өзіне де оқ атып, қайтыс болған.
Соңғы уақытта АҚШ-та қоғамдық орындарда халыққа оқ ату жағдайлары жиі кездесетін болды.