Әлем • 28 Тамыз, 2018

Бүгін Ресейде 19 орман өрті тіркелді

167 реткөрсетілді

Орман өртімен күрес қызметкерлері Ресей аумағында 700 га жерді қамтыған 20-ға жуық орман өртімен арпалысып жатыр. Тәулік ішінде шамамен өрттің 50 ошағы өшірілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Өткен тәулікте Ресейдегі орман өрттерін сөндіру қызметі 29 га аумақты шарпыған 44 орман өртін сөндірді. Мәскеу уақыты бойынша 28 тамыз күні сағат 00:00-де 705 га жерге тараған 19 орман өрті тіркелді.

Арнайы қызмет өкілдері оларды сөндірумен белсенді түрде айналысты», - деді Өңірлік орман шаруашылығының диспетчерлік қызметіндегілер. Бір тәулік бұрын, 27 тамыз күні, өңірлерде 534 га аумақта бақыланатын 14 орман өрті тіркелді. Ал алыс және жетуге қиын жерлерде тағы да 64 орман өрті анықталды. Олардың жалпы аумағы 666,3 мың гектарға жетті. Өрт ошақтары Якутия, Красноярскі, Хабаровскі өлкелерінде және Магадан облысынан табылды. Қазіргі уақытта бақыланатын өрт ошақтарында 1 мыңға жуық адам жұмыс жасауда, 220 техника жұмылдырылды. Ал авиациялық мониторинг пен сөндіру жұмыстарына 49 әуе кемесі тартылды. Якутияда парашютист-десантшылар жұмыс жасауда.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар