Қаржы • 28 Тамыз, 2018

Қазақстан бюджеті 1 доллар 350 теңгемен есептелінеді

108 реткөрсетілді

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Үкімет отырысында министрлер 2019-2023 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, сонымен қатар 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және 2019-2021 жылдарға арналған ҚР Ұлттық қорынан кепілдендіріген трансферт туралы ҚР Заңдарының жобасын талқылаған еді.

«Таяу жылға мұнайдың бір баррелін 60 доллармен бекітеміз. Өздеріңіз де білетіндей, бізде бұл көрсеткіш сырғымалы негізде. Яғни, бұл параметрлерді қайта қарастыруға мүмкіндігіміз бар. Бағамға келер болсақ, біз бағамды болжамаймыз... Бюджет жобасын қалыптастыру үшін қолданатын бағам келесі жылға бір доллар үшін 350 теңге болады», - деді ол БАҚ өкілдеріне.

Оның сөзіне қарағанда, бюджетте түбегейлі өзгерістер болмайды. «Бюджет әдеттегідей әлеуметтік бағытқа бағдарланған. Шығыстардың басым бөлігі әрбір қазақстандықтың өмір деңгейін қолдауға бағытталған. Бюджеттің даму бөлігі де бар. Ол агроөенркәсіп кешенін, шағын және орта бизнесті дамытуды көздейтін мемлекеттік бағдарламаларға бағытталанатыны түсінікті. Яғни, түбегейлі өзгерістер бола қоймайды», - деді Тимур Сүлейменов. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ымыраластыруға ынтамен кірісті

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жан азығы

Руханият • Бүгін, 09:34

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар