Қазақстан • 28 Тамыз, 2018

Ақтауда полицейлер «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығына сәйкес Ақтау қаласы ІІБ-ның қызметкерлері «Менің таңдауым – балаларға көмек!» ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Ақтауда полицейлер «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді

Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.

Аталған акцияның әлеуметтік және қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, көмекке мұқтаж аз қамтылған және көп балалы балаларға, анасының қамқорлығынсыз қалған Ақтау қаласы ІІБ-ның қызметкерлерінің және ерікті жалдамалы қызметкерлердің, сонымен қатар, Ақтаудағы көп балалы отбасылар мен жетім балаларына көмек көрсетілді.

Акция аясында басқарма бастығы полиция полковнигі А.Халмұрадов Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы атынан ұжым болып балаларға тілектерін айтып, оқуда сәттілік тілеп, алдағы уақытта да осындай мұқтаж балаларды есепке алып үнемі көмектесіп отыруға дайын екендіктерін айтып, балаларға арнайы дайындалған оқуға қажетті сөмкеге салынған құрал-саймандары  және киім-кешек дүкенінен мектеп формаларын, спорттық киімдерін, аяқ-киім табыстады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024