Спорт • 28 Тамыз, 2018

Астанада ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

231 реткөрсетілді

31 тамызда Астанадағы «Алау» мұз сарайында ережесіз жекпе-жектен «Есілдегі айқас» деп аталатын халықаралық турнир өтеді.  Бұл жарыстың басты бәсекесінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Тагир Ұланбеков күш сынасады.  

Бұл спортшылардың екеуінің де есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс. Осы күнге дейін 30 жастағы Жалғас 14 жекпе-жек өткізіп, 11 рет жеңіс тойын тойлады.

7 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 27 жастағы Тагир 6 рет айқас алаңына шығып, барлығында басымдық танытты. 4 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Қазіргі кезде ол ережесіз жекпе-жек әлемінде даңқы дүркіреп тұрған Хабиб Нұрмағамбетовтың әкесі әрі бапкері Абдулманап Нұрмағамбетовтың қол астында жаттығуда.

Тағы бір айта кетерлігі, Ресей спортшысы бұған дейін Қазақстанның екі бірдей өреніне тізе бүктірген. 2016 жылдың күзінде Асу Алмабаевтан айласын асырса, былтырғы жылдың қаңтар айындағы Шыңғыс Қайрановты ұпай санымен қапы қалдырды. Қандастарымыздың жіберген сол есесін осы жолы Жалғас Жұмағұлов қайтарады деген ойдамыз. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіске жеткен саңлаққа Fight Nights Global нұқасының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі табыс етіледі.

Астанадағы жарыс делебені қоздырып, аса қызықты өтетіні еш күмән туғызбайды. Себебі, қос спортшы да қазір бабында. Екеуі де жеңіске жету жолында еш аянып қалмаймыз деп жұлқынып тұр. Жеңіске жеткен жігіт Fight Nights Global ұйымның чемпиондық белбеуін иеленеді. Бұл да қосымша стимул. Сонымен қатар, сол кеште өтетін өзге де бәсекелер көпшіліктің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Өйткені, жарыс жолына шығатындардың дені түрлі дүбірлі додаларда өздерінің мықтылығын мойындатын жүрген жалынды жігіттер, – дейді осы турнирді ұйымдастырушылардың бірі, «Алаш Прайд» клубының президенті Данияр Қасқарауов.  

«Есілдегі айқас» турнирінде Жалғас Жұмағұлов пен Тагир Ұланбековтың айқасынан бөлек, төменде есімдері аталған спортшылар арасындағы кездесулерді тамашалай аласыздар:   

Сұлтан Жолдасбек (Қазақстан) – Батыржон Тұрсынов (Өзбекстан)

Данияр Қойшыбек (Қазақстан) – Авлие Намидов (Өзбекстан)

Мират Бекішев (Қазақстан) – Абдурасул Құлдашев (Өзбекстан)

Николай Самусев (Қазақстан) – Ильсур Хамзин (Ресей)

Фархад Сәрсенбеков (Қазақстан) – Владимир Ишменев (Ресей)

Мұхаммед Мейрамов (Қазақстан) – Аминджон Тешабоев (Тәжікстан)

Дәурен Ермеков (Қазақстан) – Нұрсұлтан Рузибоев (Өзбекстан)

Әкімжан Жасұлан (Қазақстан) – Раджабали Файзидин (Тәжікстан)

Жұман Жұмабеков (Қазақстан) – Мұхаммед Эминов (Ресей)

Сәбит Жүсіпов (Қазақстан) – Фариджулла Құрбанов (Ресей)

Бақтияр Несіпбек (Қазақстан) – Мақсатджон Юсупов (Өзбекстан)

Асу Алмабаев (Қазақстан) – Джовхар Дошуев (Ресей).

Ал осы жарыста өнер көрсететін жалғыз қызымыз Зәмзәгүл Файзолланованың кіммен айқасатыны әзірге белгісіз. Қалай болған жағдайда да «Бопай» деген лақап атпен танымал спортшымыз өз жанкүйерлерін жерге қаратпайтынына сенімдіміз.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Құмырсқа пәлсапасы

Қоғам • Бүгін, 09:48

Табысқа жетуге талпындырды

Қоғам • Бүгін, 09:23

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

Қазақстан • Бүгін, 09:17

Тиімділікті арттыратын құжат

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Спорт • Бүгін, 09:12

Өнер бәйгесінің жаңа жұлдызы

Руханият • Бүгін, 09:06

Бөдене саңғырығы – биоотын

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Шатарбай әулетінің шеберлері

Руханият • Бүгін, 09:02

Қаймағы бұзылмаған қазына

Руханият • Бүгін, 08:56

Түлкі өзені бір тазарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арал қайта оралады

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Мәрмәр етін өндіретін кешен

Экономика • Бүгін, 08:46

Түркінің түп негізі – қазақ

Руханият • Бүгін, 08:36

Сабақтастық стратегиясын саралау

Қазақстан • Бүгін, 08:30

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Экология • Бүгін, 08:25

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар