Қазақстан • 28 Тамыз, 2018

Жаңа демократия елдері конституциялық бақылау органдары конференциясы мүшелерінің отырысы өтті

722 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәмидің төрағалық етуімен Жаңа демократия елдері конституциялық бақылау органдары конференциясы мүшелерінің отырысы болды.

Жаңа демократия елдері конституциялық бақылау органдары конференциясы мүшелерінің отырысы өтті

Іс-шара 28-29 тамызда Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция: құқық үстемдігінің азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық конференция шеңберінде ұйымдастырылды.

Кездесуге Арменияның, Беларусияның, Әзербайжанның, Қырғызстанның, Моңғолияның, Ресейдің, Тәжікстан мен Өзбекстанның конституциялық әділет органдарының делегациялары, сондай-ақ Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның Бас хатшысы Шнутс Дюрр қатысты.

Конференция мүшелері Әзербайжан Республикасы Конституциялық Сотының ЖДЕКБОК құрамына енуі туралы өтінішін қанағаттандырды.

Отырыста қатысушы мемлекеттердегі конституциялық даму процестеріне, конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі қазіргі заманғы сын-қатерлерге және өңірлік әрі халықаралық деңгейлердегі ынтымақтастықты тереңдетуге байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Конференцияның қатысушылары іс-шараның маңыздылығы мен жоғары деңгейін ескере отырып, Алжирде Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның 5-конгресін өткізуге қолдау көрсетті.

Қонақтар Қазақстан Конституциялық Кеңесінің бастамасы бойынша жасалған Конференцияның интернет-ресурсымен танысты.

Тараптар мерзімді баспа басылымы – ЖДЕКБОК Жаршысы редакциялық алқасының жаңа құрамын бекітті және оның форматын айқындады. Оған төрағалардың, судьялар мен қызметкерлердің сөйлеген сөздері, конституциялық іс жүргізу практикасына шолулар және Конференцияның барлық мүшелерінің маңызды шешімдері жарияланатын болады.

Бұдан басқа, Конференция қатысушылары қауымдастықтың қызметіне байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырды.  

Қ. Мәми: «Біз бұдан әрі де әлеуеті түптеп келгенде біздің елдерімізде және олардың шектерінен тыс жерлерде құқық үстемдігін нығайтуға қызмет ететін Конференцияны ортақ күш-жігерімізбен дамыта беретінімізге сенім білдіремін», - деп сөзін қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024