Қазақстан • 29 Тамыз, 2018

Атырау жəне Маңғыстау облыстарының əкімдіктері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

167 реткөрсетілді

Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжанов екі облыстың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - өңіраралық кооперацияны дамыту жəне өңірлердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру. Тараптар өнеркəсіп, шағын жəне орта бизнес саласында, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, экология, құрылыс салаларында ынтымақтастық жасауға келісті. Сондай-ақ облыстар арасында жастар саясаты, мəдениет жəне спорт салаларында да өзара іс-қимыл жасау көзделуде.

Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей əкімдіктердің алдында тұрған басты міндет- өңірлерді экономикалық дамытудың түрлі салаларындағы табысты жұмыс тəжірибесімен танысу.

- Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды тапсырмаларының бірі өңіраралық қарым-қатынасты дамыту болып табылады.Табысты тəжірибе алмасу өте пайдалы, бұл көп жағдайда даму процестерін жеделдетеді. Біз бүгін мəселелердің кең ауқымын талқыладық, екіжақты ынтымақтастық аясында көптеген жобалар бойынша пікір алмастық, деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжановтың пікірінше экономиканы əртараптандыру мақсатында шикізаттық емес секторларды дамыту мəселелеріне назар аудару қажет. 

- Бұл өңдеу өнеркəсібі, шағын жəне орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығындағы жобаларды іске асыру, азық-түлік қауіпсіздігі. Құрылыс жəне туризмді дамыту саласында тартымды жобалар бар. Барлық қол жеткен келісімдерді іске асыру өңірлер мен республиканың экономикалық өсуі үшін серпін бермек, деп баса айтты Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысы еліміздің ірі көлік логистикалық хабтарының бірі болып табылады. Теңіз порттарын дамыту Қазақстанның экономикасы үшін үлкен серпін береді. Маңғыстау облысының басшысы ірі мұнай жобаларындағы қазақстандық қамту мəселесін қозғады. 

- Облыстың аумағында үш мұнай компаниясы жылына орта есеппен 1 трлн 400 млрд теңгеге тауарлар сатып алады. Оның ішінде 30%-ы республикадан тыс жерлерден, бұл шамамен 500 млрд теңге. Бұл біздің кəсіпорындар үшін, инвестициялар тарту үшін үлкен нарық жəне əлеует. Осы тауарларды республика аумағында өндіре отырып, біз жергілікті компанияларды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, мемлекет бюджетін толықтыруға жағдайлар жасаймыз, деді Ералы Тоғжанов.

Өз кезегінде Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев облыс аумағында арнайы индустриялық аймақты дамыту бойынша болашақ жоспарлар туралы əңгімеледі.

- Өздеріңіз білесіздер, Парламентте арнайы экономикалық жəне индустриялық аймақтар туралы заң жобасы талқылануда. Егер бұл заң қабылданатын болса біз осы бағытта дамытуға дайынбыз. Исатай ауданында арнайы индустриялық аймақ құру үшін жер учаскесі бөлінді. Осы бағытта тəжірибе алмасу үшін біз Түркияда болдық. Оларда индустриялық аймақтың аумағында 35 мың адам, шамамен 180 резидент жұмыс жасайды. Олардың бір бөлігі, 35-40 кəсіпорын біздің нарыққа келуге дайын,- деп түсінік берді Нұрлан Ноғаев.

Меморандумға қол қою екі облыстың экономикалық жəне инвестициялық əлеуетін дамытуға жаңа серпін береді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Спартакиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 15:25

Құмырсқа пәлсапасы

Қоғам • Бүгін, 09:48

Табысқа жетуге талпындырды

Қоғам • Бүгін, 09:23

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

Қазақстан • Бүгін, 09:17

Тиімділікті арттыратын құжат

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Спорт • Бүгін, 09:12

Өнер бәйгесінің жаңа жұлдызы

Руханият • Бүгін, 09:06

Бөдене саңғырығы – биоотын

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Шатарбай әулетінің шеберлері

Руханият • Бүгін, 09:02

Қаймағы бұзылмаған қазына

Руханият • Бүгін, 08:56

Түлкі өзені бір тазарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арал қайта оралады

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Мәрмәр етін өндіретін кешен

Экономика • Бүгін, 08:46

Түркінің түп негізі – қазақ

Руханият • Бүгін, 08:36

Сабақтастық стратегиясын саралау

Қазақстан • Бүгін, 08:30

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Экология • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар