Бизнес • 30 Тамыз, 2018

Мағзұм Мырзағалиев: Қазақстан мұнайды еш кедергісіз экспорттай алады

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика вице-министрі мұнай, кен өндіру ісіндегі жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мағзұм Мырзағалиев: Қазақстан мұнайды еш кедергісіз экспорттай алады

ҚР Энергетика вице-министрі мұнай, кен өндіру ісіндегі  жоспарлармен бөлісті.

«2018 жылы Қашағаннан 12 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз. Әрине, мұнымен шектеліп қалмаймыз. Біз кен орнын өңдеудің алғашқы кезеңінде келе жатырмыз. Кен орнының мүмкіндіктерін кеңейту бойынша тұжырымдаманы аяқтаған соң, Қашағаннан мұнай өндіру көлемін арттыруға көшеміз. Аталмыш кен орнының болашағы зор», - деді М.Мырзағалиев.

Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев өз сөзінде Қазақстан мұнайды еш кедергісіз экспорттай алатынын айтты.

«Бізде экспорттайтын бағыттарымыз бар. Қашаған мұнайы Каспий құбыр желісі консорциумының бағыты бойынша Қара теңізге және әлемдік нарыққа жеткізіледі. Бізде Каспий бағытын дамыту бойынша арнайы жоспарлар бар. Сондай-ақ, Ақтау теңіз порты, Құрық порты арқылы Баку, Махачкалаға тасымалдауға мүмкіндік бар. Еліміздің энергия ресурстарын эспорттауда ешқандай кедергілер көріп тұрған жоқпыз», - деді энергетика вице-министрі.

Соңғы жаңалықтар