Аймақтар • 31 Тамыз, 2018

Орал қаласында Конституция күніне орай қоғам белсенділері марапатталды

660 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай өткен салтанатты жиында бір топ қоғам белсенділері мен ардагерлер мерейтойлық наградаға ие болды. Марапатты Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов табыс етті.

Орал қаласында Конституция күніне орай  қоғам белсенділері марапатталды

- Сіздерді еліміздің қастерлі мерекелерінің бірі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Біздің басты парызымыз – Конституцияға ұқыпты қарап, өз елімізді, тарихымызды қалай құрметтесек, оны да солай құрметтеуіміз қажет». Конституция қоғамның динамикалық дамуының факторына айналды. Ең бастысы, Тәуелсіз Қазақстанның тиімді дамуын қамтамасыз етті. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің қамтылғанын айғақтайды. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы болғандықтан, баршамыз еліміздің бүгіні мен болашағы үшін Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауға тиіспіз. Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заңымыздың мерекесі құтты болсын! - деді Алтай Көлгінов.

Салтанатты жиналыс аясында Алтай Көлгінов бір топ қоғам белсенділері мен еңбек ардагерлерін «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармонияның әншісі Хатимолла Бердіғалиев, еңбек ардагерлері Софья Иманғалиева, Роза Көжекова, Клара Саржанова, Нәбия Сейтқалиева, Бәтес Ысмағұлова, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, Батыс Қазақстан облыстық аурухананың емхана меңгерушісі Сергей Мельников, Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық театрының актері Сердеш Қажымұратов, «Отделстрой» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Валентина Михно, «БҚО үкіметтік емес қоғамдық ғылыми ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Захот Мұхлисова, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» ЖШС бас директоры Дәурен Сисенов, Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы медицина бөлімінің меңгерушісі Фарзана Ысқақовалар марапатталды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

Соңғы жаңалықтар