Аймақтар • 31 Тамыз, 2018

Ақтөбеде Фариза Оңғарсынова атындағы мектеп ашылды

225 реткөрсетілді

«Ясное-2» ауылында 600 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы ашылып, оған белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Онанғарсынованың есімі берілді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аумағы 10,3 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты оқу ғимараты балалардың жаттығуға және бос уақытына, сондай-ақ мәдени және спорттық, білімге деген қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Мектеп 29 сыныпқа арналған және екі ауысыммен жұмыс істейді: бірінші қабатта 210 орындық асхана бар, кіреберісте турникеттер бар.

Мектепте қажетті жабдықтарымен спорт және акт залдары, информатика, физика, химия және биология кабинеттері, ағылшын тілі, медиа-кітапхана және 22 мың кітап қоры бар кітапхана бар. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін лифт пен ұстайтыны бар пандустар қойылған. Абаттандырылған мектеп аумағында демалу және серуендеу алаңы, оқушыларға арналған жаттығу ойын және спорт алаңдары, жүгіру жолдары орналасқан.

Қалалық Сүт зауыты ауданында 600 орындық тағы бір мектеп ашылды. Бұл мектеп отандық ғалым-археолог, тарихшы Әлкей Марғұланның есімімен аталады.

Сонымен бірге, оқушыларды жалпы білім беру мекемелеріне қауіпсіз тасымалдау мәселесі жергілікті билік органдарының басымдықтарының бірі болып табылады. Осыған байланысты «Бақытты бала» аймақтық жобасының аясында 10 мектептің директорлары жаңа Iveco шағын автобустарының кілттерін алды. Отандық өндірістің ыңғайлы автокөлігі облыс орталығының шалғай аудандарынан балаларды тасымалдау үшін арналған.

Биылғы жылы Ақтөбе облысында 15 жаңа мектеп ашылады, оның 9-ы 1 қыркүйекке дейін алғашқы оқушыларын қабылдайды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар