Әлем • 01 Қыркүйек, 2018

Сочида Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады

34 реткөрсетілді

Сочида Boeing 737 ұшағы өртене жаздап, зардап шеккен 18 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Олардың арасында үш бала бар, деп хабарлады Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің сайты.

Қазір әуежайда арнайы құрылған психолог тобы жұмыс істеп жатыр.

Utair әуекомпаниясына тиесілі Мәскеуден ұшып шыққан Boeing 737 жолаушылар ұшағы сенбіге қараған түні Сочидегі отырғызудан кейін апатқа ұшыраған. Ұшақтың сол жақ қозғалтқышы жанып, шассиі мен қанаты сынып кеткен.

Ұшақтағы 164 жолаушы мен экипаж мүшелері көшірілді, аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Сәтбаев оқулары» өтті

Руханият • Бүгін, 09:57

Ұқсас жаңалықтар