Президент • 01 Қыркүйек, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент отырысының төртінші сессиясын ашты

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 6-шы сайланған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясы ашылды. Сессияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент отырысының төртінші сессиясын ашты

«Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын. Сіздер жазда өңірлерді аралап, елдің тыныс-тіршілігімен жетік таныстыңыздар. Халықты не толғандыратынын, қандай мәселелер бар екенін көзбен көріп, біліп келдіңіздер. Ол барша қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы қызметтеріңізге қажет. Кезек күттірмей қолға алынуға тиісті маңызды жұмыстар қазірдің өзінде жеткілікті. Қос палатаның бірлескен отырысында басымдықтарды айқындап, бірден іске кірісуіміз керек. Стратегиялық нысана бәрімізге белгілі. Ол өзіміз қабылдаған 2050-ші дейінгі стратегияның негізгі алдыға қойған мақсаты 30 елдің қатарына қосылу - біздің айнымас межеміз. Дәйекті саясат пен кешенді шаралар жүргізіп, мақсатты түрде алға басып келеміз», - деді Елбасы.

Бірлескен отырысқа ҚР Премьер-Министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті әкімшілігің басшысы, ҚР Жоғарғы Соты, Үкімет мүшелері, Сенаттың 47 депутатының 45-і, Мәжілістің 107 депутатының 106-сы, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар жетекшілері қатысып отыр.

Соңғы жаңалықтар