Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2018

Жетісуда 45 мың бала бірінші сыныпқа барды

132 реткөрсетілді

Білім күнінде Алматы облысында 45 мыңға жуық бүлдіршін тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттады. Ал аймақ бойынша бір мезетте 7 жаңа оқу орыны пайдалануға беріліп, оқушыларға есік ашты.

Бүгін  Талдықорған қаласында да қос мектеп пайдалануға беріліп, алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Оқушылардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Амандық Баталов келіп, білім ғимаратының тұсаукесеріне қатысты.

- Бүгін аймақта 45 мыңға жуық бала алғаш рет мектепке қадам басып отыр. Бұл еліміздің өркендеп, ұрпақ санының артып келе жатқандығының көрінісі. Облыста балалардың білім алуына толық жағдай жасалуда. Жаңа оқу жылына 7 мектеп пайдалануға берілді. Жалпы 22 оқу ғимараты 6,8 млрд теңгеден астам қаржыға күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. Жетісуда мектеп салу ісі жалғаса береді. Жыл соңына дейін тағы 2 мектептің құрылысы аяқталады. Талдықорған қаласында 300 орындық музыка мектебінің құрылысы аяқталуға жақын. Осының барлығы ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықтың үлгісі, - деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Талдықорған қаласында қолдланысқа берілген 2 мектепте 1200 оқушыға арналған. Білім шаңырақтарының материалдық-техникалық базасы толықтай жабдықталып, заманға сай білім беруге лайықталған.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Суретті түсірген Айдын НҰРШАНОВ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

ҰБТ-2019: қандай өзгеріс бар?

Қазақстан • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар