Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2018

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азиадада алтын медальді олжалады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азия ойындарының чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азиадада алтын медальді олжалады

Жапония құрамасымен өткен аса тартысты кездесуде қазақстандықтар 8:7 есебімен жеңіске жетті.  Біздің команда сапынан Михаил Рудай мен Евгений Медведев мергендігімен танылды. Олар тиісінше үш және екі доптан соққан.  Ватерполшылар Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтынын салып отыр.

ФОТО: Сали Сабиров. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі