Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2018

Азиада-2018: Регбиші қыздар ел қоржынына соңғы медальді салды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның регбиден әйелдер құрамасы үшінші орын үшін болған ойында таиландтық команданы тізе бүктірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 

Азиада-2018: Регбиші қыздар ел қоржынына соңғы медальді салды

Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азиада ойындарының соңғы күнінде қазақстандық спортшылар өнер көрсетпейді, сол себепті бұл ел қоржынына түскен соңғы медаль болып саналады. Осылайша Қазақстанның спортшылары 76 медаль олжалады: оның 15-і алтын, 17-сі күміс, 44-і қола. Жалпы медаль саны бойынша отандастарымыз 9-шы орынға табан тіреді.