Әлем • 02 Қыркүйек, 2018

2020 жылы Көшпенділер ойындары Түркияда өтеді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу барысында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков айтты.

2020 жылы Көшпенділер ойындары Түркияда өтеді

Көшпенділер ойындары Қырғызстанда осымен үшінші мәрте өтуде. 

Айта кетейік, спорттық шаралар Шолпан-Атада 2-8 қыркүйек аралығында 37 ұлттық спорт түрінен өтеді. Оған әлемнің 80 елінен үш мыңға жуық адам қатысады. Қазақстан құрамасы сапында 200-ден астам спортшы бар және олар спорттың 30 түрінен ел намысын қорғайды.  

Бұл шара көшпенділер өркениеті мұрасын сақтауға әрі оны қайта жаңғыртуға арналған.