![Мажарстан Түркі академиясы халықаралық ұйымына бақылаушы мәртебесін алды](/article_photo/1535946971_article_b.jpeg)
Жиында Сыртқы істер министрлері Мажарстанға TWESCO-ға бақылаушы мәртебесін беретін және Академияның бірқатар құрылтайшы құжаттарына да қол қойды. Осылайша түркі әлемінің ғылыми-интеллектуалды орталығы саналатын TWESCO қанатын кеңге жайып, аймақтық интеграция ауқымынан шықты. Ұйымға Мажарстанның бақылаушы ретінде қатысуы TWESCO-ны тұтас құрлықты қамтитын халықаралық ұйымға айналдырып отыр.