![Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде балалар депозитіне сұраныс артып келеді](/article_photo/1535949624_article_b.jpeg)
- Жыл сайын мұндай депозиттер күзде, балалар мектепке барғанда кезде ең жиі ашылады. Дәл осы уақытта ата-аналар ұл-қыздарының өсіп келе жатқанын түсіне отырып, олардың болашағына қаржылай көмек көрсетуді қолға алады. Ай сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитке аз-аздан ақша салып отырады. Отбасылық бюджетке бұл аса қатты әсер ете қоймайды, есесіне кейін балаға баспана алып беру мүмкіндігі пайда болады. Мен 6 жастағы баласының шотында 10,3 млн теңгенің басын құраған және ары қарай ақша жинап жатқан ата-ананы білемін. Банк те депозиттегі сомаға жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысын және банк сыйақысын аударып, тиімді қолдауын көрсетіп отыр. Осы екі бонусты қосқанда, салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 13,3%-ға дейін барады, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
18 жасқа толған барлық банк салымшылары тағы бір тиімді ұсынысқа қол жеткізеді, атап айтқанда жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% аралығындағы тұрғын үй займынан үміткер бола алады.
Депозитті баланың атына кез келген жерде, кез келген уақытта ашуға болады. Ол үшін банк кеңесшісін шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Депозит ашу үшін ата-ананың бірінің жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі қажет.
14 жасқа дейін баланың атына депозитті ата-ана ресімдейді. 14 жастан бастап шотты баланың өзі ашады, тек әкесінің немесе анасының келісімі қажет.