Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметіне тағайындалды

447 реткөрсетілді

Талдықорғанның экс-әкімі Алматы облысының Іле ауданына әкім болып тағайындалды. Бағдат Қарасаев зейнеткерлікке шыққан Қыдыркелді Медеуовтің орнына барды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Іле ауданына әкім етіп Бағдат Қарасаевты тағайындады. Аудан активіне жаңа әкімді өңір басшысы өзі таныстырды. Ауданды осы уақытқа дейін басқарып келген Қыдыркелді Медеуов зейнет жасына жеткендіктен, қызметінен босатылды. 

Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы 1964 жылы дүниеге келген. Алматы темір жол көлігі институтында «инженер-механик», Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «мемлекеттік басқару бакалавры» мамандығын меңгеріп шыққан.

Алғашқы еңбек жолын Талдықорған облысы, Андреев ауданында кәсіби-техникалық училищеде мұғалім болып бастаған. Әр жылдарда осы оқу орны директорының орынбасары, директоры, «Алакөл-Агро» және «Қайыңды» ЖШС директоры, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, Алакөл ауданы әкімі, Алматы облысы әкімінің аппарат жетекшісі және ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет еткен. 2015 жылдан 2018 жылдың мамыр айына дейін Талдықорған қаласының әкімі болды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Кітапхана – қазына мекені

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайған

Аймақтар • Бүгін, 09:23

Бұқаралық спорт – басты назарда

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Үй гүлдерін өсірушілер клубы

Аймақтар • Бүгін, 09:09

Қобыздың құны

Аймақтар • Бүгін, 09:08

Стюартты сұлатып салды

Спорт • Бүгін, 09:05

Жидебайдағы жылы жүздесулер

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Жетістік формуласы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Сұрап алу – ұрлап алу емес

Қоғам • Бүгін, 08:42

Алыптар жайлы үш үзік сыр

Тарих • Бүгін, 08:35

Қостанайда киік мүсіні орнатылды

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Ұқсас жаңалықтар