Бизнес • 04 Қыркүйек, 2018

Қазақстанда 20 млн тонна астық жинау жоспарланып отыр

754 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда 20 млн тонна астық жинау жоспарланып отыр

2016 жылы елімізде астық рекордтық мөлшерде жиналған. Ал өткен жылы 21 млн тонна өнім өндірілді.

2019 жылдан бастап елімізде егін жинау жұмыстарына арналған арзандатылған жанар-жағармайды электронды бөлу және өткізу тәжірибесі енгізіледі. Биыл бұл жоба Павлодар өңірінде сәтті жүзеге асты.

Жамбыл және Түркістан облыстарында егін жинау науқаны аяқталып қалды. Биыл бұл өңірлердегі орташа түсімділік гектарына 21 центнерді құраған. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында астық әлі де орылып жатыр. Болжам бойынша биыл 20 млн тонна өнім жинау көзделген. Қуаңшылық жағдайға қарамастан, бұл жақсы көрсеткіш.