Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2018

Мемлекет басшысы Алматы қаласының индустриялық аймағын аралап көрді

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентіне Алматы қаласының индустриялық аймағындағы жұмыс нәтижелері мен оны дамытудың перспективалық жоспарлары жөнінде мәлімделді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Мемлекет басшысы Алматы қаласының индустриялық аймағын аралап көрді

Нұрсұлтан Назарбаев жоғары технологиялы ток өткізгіш кабель өнімдерін шығаратын «КМК Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік циклімен, сондай-ақ дайын өнім үлгілерімен танысты.

Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелескен Елбасы өндірісте еуропалық сапаға сай бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технология мен құрылғылар қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектелу серіктестігінің зауытында металл габион торын жасайтын автоматтандырылған өндіріспен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.