04 Қыркүйек, 2018

Жастар Азия ойындарының жеңімпаздарын күтіп алды

63 реткөрсетілді

Қазақстан құрамасы XVIII жазғы Азия ойындарынан елге оралды. Кеше түнде Астана қаласының әуежайынан «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері байдаркада және каноэде ескек есу жарысынан алтын медальды қанжығасына байлаған ерлер, күмісті жеңіп алған әйелдер құрамасы мен самбошыларды күтіп алды.

Байдаркамен 500 метрге жүзуден бірінші болып келген Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токарницкий және Евгений Алексеев төрттігі, ал әйелдер құрамасынан Зоя Ананченко, самбодан алтын медальға ие болған Бағлан Ибрагим мен қола жүлдегерлер Бейімбет Канжанов, Әлібек Зекеновті елордада алғашқы болып бір топ қолдаушылары, жақындары мен белсенді жастар құттықтады.           

2018 жылдың 18 тамыз – 2 қыркүйек күндері Индонезия астанасы Джакартада мен Суматра аралының ең үлкен қаласы Палембангте XVIII жазғы Азия ойындары өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 440 спортшы 37 дисциплина бойынша олимпиадалық 25 спорт түрінен жарысқа түсті. 2018 жылғы Азия ойындарында Қазақстан Ұлттық құрамасының спортшылары 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медальдар жеңіп алып, жалпы 76 медальмен Азия ойындарын 9 орынмен аяқтады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы күн табысты болды

Спорт • Бүгін, 17:12

Білімдінің қолында алтын шырақ

Аймақтар • Бүгін, 17:08

UAE and Kazakhstan discuss bolstering ties

Саясат • Бүгін, 16:40

Қазақтардың қарқыны жақсы

Спорт • Бүгін, 16:26

Ұқсас жаңалықтар