Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2018

Мемлекет және қоғам қайраткері Қабира Салықоваға бюст қойылды

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасымыздың «Рухани жаң­ғыру­» бағдарламасы аясында ауданымыздың туған перзенттері игі істер жасаудан облысымыз бойынша көш бастап тұр. Жақында Бостандық ауылының тұрғындары тағы да бір игі істің куәсі болды. Конституция күні Бостандық ауылының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Қабира Салықоваға бюст қойылып, ауылдың тарихы мен табиғатынан сыр шертер өлкетану музейі ашылды.

Мемлекет және қоғам қайраткері Қабира Салықоваға бюст қойылды

Қос оқиғаның орын алуына құқық қорғау саласының ар­дагері, Қабира Салықованың ұлы Ғиният Салықов мұрындық болып, музейдің ашылуына 1,5 млн теңге қаражатын беріп, бюст жасатып, музейге жәдігерлер ­тарту етті. Сонымен қатар музей­дің жөндеу жұмыстарына ауыл­дың азаматтары да атсалысқан ­болатын.

Қабира Салыққызына ар­налған бюстің ашылу салтанатына аудан әкімі Абат Шыныбеков, апамыздың ұлы Ғиният Салықов және ауыл тұрғындары қатысты.

Шарада сөз алған аудан басшысы бостандықтық ағайынды Конституция күнімен құттықтап, игі іс бастаған Ғиният ағамызға елдің атынан алғыс білдірді.

Қоғам қайраткерінің бюстіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін, жиналған көпшілік музейдің ашы­лу салтанатына қатысты. Айта кету керек, бұл музейде бір зал түгелімен Қабира Са­­­лық­­­қызына арналған. Сол кісі­нің отырған үстелінен бас­тап, қол­­­дан­ған заттары осы залда қо­йы­л­­ған. Сондай-ақ залда апа­мыз­­­дың өмірі ғана емес, қазақ зия­лы­ла­рының өмірінен мол мағ­лұмат беретін фотосуреттер көр­месі бар. Музейде ­Қа­бира Салық­қызының жеке кі­тап­ханасынан алынған кітаптар­ды да көруге болады.

Шаруаның басы-қасында жүр­ген ауылдық округ әкімі Манарбек Сүн­де­тов: – жаңадан ашылған му­зей­ге ауыл тарихын баяндайтын экс­­по­наттар жинақталу үстінде, қо­­сым­­­­ша тағы екі зал ашамыз, де­ген жос­парымен бөлісті.

 

Қайрат ЖАҚЫП,

Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы