Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2018

Дархан Кәлетаев Түркістан облысында мектепке хиджаб киіп келген оқушылар туралы пікір білдірді

243 реткөрсетілді

«Жалпы, былтыр да осындай жағдайлар тіркелген болатын. Менің ойымша, мәселені шешуге болады. Тек ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Білім және ғылым министрінің оқушы кимі үлгісі туралы ережесі, бұйрығы бар. Бұл қалыпты процесс. Әлбетте, бұл мәселе бойынша сұрақтардың неліктен туындап жатқанын да түсінемін. Осы орайда діндар адамдардың тарапынан түсіністік болар деп үміттемін.

Атап айтқанда, осы мәселе бойынша қазіргі таңда белсенді түрде түсіндіру жұмысын қолға алған Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қолдау білдірер деп сенемін. Біз де жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ, айтарым - бұл жерде алып бара жатқан проблема көріп тұрған жоқпын. Жекелеген сәттер бар, біз оларды еңсереміз деп ойлаймын», - деді Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Мақтарал ауданында хиджаб киген оқушылардың мектепке келгені туралы видео тараған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар