Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2018

 «100 идея» жобасы бастау алды

78 реткөрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерін талқылау туралы кеңейтілген отырыс өтті.

Шараға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» жетекші ғылыми қызметкері Ғ.Телебаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қабылданған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының менеджері Б.Атыбай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті мемлекеттік тарих институты директорының орынбасары А.Қашқымбаев және басқа да сарапшылар, белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері мен студент жастары қатысты. Жиынды саясаттанушы, қоғам қайраткері Кенжеболат Жолдыбай жүргізді.

Сондай-ақ, сарапшылар отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын жалпыреспубликалық «100 идея» жобасы таныстырылды. Жобаны іске асыру студент жастар арасында Елбасының «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеологиялық платформасын таратуға бағытталған.

Жоба шеңберінде арнайы сайт пен әлеуметтік желі арқылы еліміздің барлық жастарының 100 үздік идеясы арнайы базада жинақталады. Бұл бастама негізінде «дөңгелек үстелдер», сараптамалық кездесулер, ашық дәрістер, көрмелер, форсайт-сессияларды өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ арнайы «Студенттердің ең үздік 100 идеясы» атты республикалық байқау ұйымдастырылады. «100 идея» жобасы жаңа көзқарастарды қалыптастыруға және уақыт талабына сай заманауи мәліметтер базасын құруға шақырады.

«Бұл мәліметтер базасы келешекте мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде жастар ұйымдарының іс-шаралар өткізу форматына ұсыным ретінде қолданылуы мүмкін, - деді «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының» жетекші ғылыми қызметкері Ғ.Телебаев пен Ақмола облысы Целиноград ауданының «Отан» ауылдық округінің әкімі Б.Ғадзиева жобаға ауылдағы жастарды тарту керек екенін айтты.

Ә.АРҒЫМБАЕВА

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар