Спорт • 10 Қыркүйек, 2018

Тұрсынай Қабыл Азия-Мұхит аймағы чемпионатында екі «алтынды» еншіледі

55 реткөрсетілді

Паралимпиадалық пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тұрсынай Қабыл Азия-Мұхит аймағы чемпионатында екі «алтынды» еншіледі.

Биылғы Азия-Мұхит аймағы чемпионаты Жапонияда өтті. Қазақстанда «Түймеқыз» есімімен танымал қостанайлық Тұрсынай Қабыл чемпионаттың қос «алтынын» қоржынға салды.

«Азия-Мұхит аймағы чемпионатында пауэрлифтингтен алғашқы 2 алтын медаль бар. Жүлделерді ел қоржынына 2004 жылы туған Қостанай облысының спортшысы Тұрсынай Қабыл салды. 41 келі салмақ дәрежесінде ол Азияның жаңа рекордын орнатты», - деп хабарлады Ұлттық паралимпиадалық комитеті.

Еске салсақ, Тұрсынай Қабыл биылғы ақпан айында Дубайда өткен Әлем кубогы ойындарынан жүлделі оралған болатын. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар