Медицина • 10 Қыркүйек, 2018

20 248 балаға мектеп сөмкесі берілді

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20 248 балаға мектеп сөмкесі берілді

Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қармасы «Уақып» қайырымдылық қорымен бірлесе 2018 жаңа оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша 20 248 балаға мектеп сөмкесін үлестірді. Оқу құрал­дары салынған сөмке мешітке өтініш білдір­ген отбасылар мен жергі­лікті әкімдіктің ұсынған тізімі бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратылды.

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» меші­тінде өткен қайырымдылық акциясына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатыс­ты. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, балаларға арналған сыйлықты өз қолымен табыстады.

«Біздің халқымыз: «Берсең, балаға бер», деген. Баланың қуанышы – бәрі­нен қымбат. Жаңа оқу жылында оқушыларға сыйлық үлестіру – Діни басқарманың жыл сайынғы дәстүрлі жобасы. Бала – ел болашағы. Болашағын ойлаған ел баланың білімі мен тәрбиесіне мән береді», деп атап өтті ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы. 

Қайырымдылық – ҚМДБ-ның негізгі мақсаттарының бірі. Айта кетейік, жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан айт күндері (21-23 тамыз, 2018 жыл) еліміз бойынша 61 191 отбасына 439 тонна құрбандық шалынып, етін үлестірді.

«Егемен-ақпарат»