Әлем • 10 Қыркүйек, 2018

Анкарада Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қыркүйекте Анкара уақытымен сағат 12:00-де MARRIOT ANKARA қонақүйінде Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды «Kazakh Invest».

Анкарада Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді

Инвестициялық форум барысында ынтымақтастық туралы шарттар мен бірқатар меморандумдарға қол қойылады.

Форумның басты мақсаты - түрік инвесторларын Қазақстан экономикасымен, инвестициялық ахуалмен таныстыру, инвестиция тартуға және екі елдік іскерлік ортасы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар ұсыну.