27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1309

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 8 қараша,  Астана, Үкімет Үйі Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 68-бабының 4) тармақшасына, 69-бабының 6) тармақшасына және 75-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы №1309 қаулысымен бекітілген Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі 1. Жеке тұлғаның тұрақты психикалық симптомдық және айналасындағылар үшін зардап шегушімен бірге тұру мүмкін болмайтын жеке басының айқын өзгерістері бар психикалық аурулары. 2. Қол-аяқ функцияларының және жамбас мүшелері функцияларының тұрақты ауыр бұзылуы бар орталық нерв жүйесінің органикалық және жарақаттанудан кейінгі бұзылуы. 3. Нәжіс, несеп және қынап жыланкөздері, қуық стомасы, жасанды анус. 4. Жиі ұстамасы ІІІ дәрежелі асқынған тыныс алу функциясының жетіспеушілігі бар бронх демікпесінің ауыр нысаны, үздіксіз-қайталанбалы ағым. 5. Қозғалу функциялары жоғалған тұқым қуалайтын үдемелі нервтік-бұлшықет дистрофиясы­ның ауыр нысандары. 6. І типтегі қант диабеті, ауыр нысаны.