Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2018

Жүктілікті амбулаторлық кезеңде бақылау аса маңызды

172 реткөрсетілді

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен акушерлік салада және неонатологияда тәжірибе алмасу мақсатында Вильнюс университетінің мамандары Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында болды. 

Денсаулық сақтау басқар­масының басшысы Серікбол Мусинов кездесу барысында Алматы қаласындағы денсаулық жүйесінің барысымен таныс­тырып, бүгінгі тәжірибедегі жетістіктер туралы баяндады. 

Серікбол Рахымқанұлының айтуынша, шетелдік әріп­тес­тер­мен тәжірибе алмасу арнайы қабылданған меморандум аясында жүзеге асуда. Қазіргі кезде Алматы қаласы дәрігерлерінің алдында тұрған маңызды мәселе – жүкті әйелдерді амбулаторлық кезеңде бақылау. Бүгінде Алма­ты қаласында көші-қон айналымы көрсеткіштерінің жоғарылығына байланысты жүкті әйелдерді амбулаторлық кезеңде бақылауға алу оңайға соқпай отыр. Қалада жылына 42 мың нәресте өмірге келетін болса, уақытша немесе ұзақ мерзімге тұрақтайтындар са­ны 100 мыңнан асады. Қазіргі кез­де қалада 39 мемлекеттік, 31 же­­­­ке­меншік емхана бар. Ал емха­наларға жүкті әйел­дер­­­дің тір­­­келуіне байланысты еш­қандай­­ ке­дергі жоқ. Тұра­тын мекен жайы­­­­ның емханадан қа­шық­­тығына қарамастан қала­ған ем­ханаға тіркеуге тұруға мүмкіндігі бар. 

Денсаулық сақтау басқар­ма­сының алдында тұрған тағы бір маңызды мәселе – мектеп медицинасына көңіл бөлу. Өткен жылдан бергі аралықта қала мек­тептерінде отбасын құруға байланысты сабақтар өте бас­тады. Ондағы мақсат – жас жет­кін­шектердің, әсіресе қыз бала­­ларды жеке денсаулығына ұқып­ты қарауға үйрету, кеңестер беру. Яғни қыз баланың болашақ ана ретіндегі жауапкершілігін арт­тырумен қатар, саламатты ұр­пақ­тың өмірге келуіне байланысты түрлі ақпараттық-кеңестік сабақтар өткізу жолға қойылған. 

«Сапарымыздың мақсаты – жаңа әдістер мен технологиялар саласындағы біліктілігімізбен бөлісу. Ана денсаулығының қауіпсіздігі, жүктілік мерзімде болатын тәуекелді жағдайларды болдырмау, ана мен бала өлімі­не жол бермеу бағытындағы тәжірибелер екі ел дәрігерлері үшін де маңызды» деп атап өтті Вильнюс университетінің профессорлары Линас Ровас және Аустра Урбутини. Литвалық дәрігерлердің айтуынша, Бал­тық жағалауындағы мемлекет пен Қазақстандағы туу көр­­сеткіштерін салыстыруға кел­мейді. Сондықтан да Литвада жүкті әйелдерді бақылауға алу аса қиындық туғызбайды. Ал қазақстандық дәрігерлер алдында жауапты міндет тұр. Ана мен бала денсаулығын сақтау үшін бірінші кезекте амбулаторлық бақылаудың маңызы зор. Жүктілік мерзімі медицина саласы мамандары ғана емес, бүкіл қоғам болып атсалысатын көкейкесті мәселе. Босану барысында қандай да бір тәуекелді жағдайлар орын алмас үшін ана бірінші кезекте жүктілікке дейінгі мерзімдегі денсаулығына сергек қарауы керек. Ал дәрігерлер жүкті әйелді дер кезінде қабылдап, толық тексеруден өткізсе, кез келген тәуекелді жағдайдың алдын алуға болады. 

Литвалық ғалымдар осы бағыттағы тәжірибелерімен бөлісіп, «Қауіпсіз жүктілік пен жедел жәрдемді ұйымдастыру және неонатология», «Жүкті әйелдерді емханаларда бақылау барысы» бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.

Ал Денсаулық сақтау басқармасының Оқу-әдістемелік орталығы орналасқан Жоғарғы медициналық колледжінің директоры Әйгерім Оспанованың айтуынша, орталық құрылғаннан бергі екі жыл ішінде қазақ­стан­дық дәрігерлердің де Лит­вада тәжірибеден өтіп, білік­тіліктерімен бөлісуге байланыс­ты жұмыстар жолға қойылды. Осыған дейін 17 дәрігер Литва университетінде біліктілігін арттырса, қазіргі кезде Алма­ты жоғары медициналық кол­леджінің 8 маманы ішкі қолдан­балы бакалавр бойынша тәжірибе алмасуда. Ал күз айларында жалпы тәжірибедегі 14 дәрігердің жүкті әйелдерді бақылаудың әдістемесі бойынша біліктілігін арттыруы жоспарланып отыр. 

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

ҰБТ-2019: қандай өзгеріс бар?

Қазақстан • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар