Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2018

Жерлестеріне 1500 дана кітап тарту етті

63 реткөрсетілді

Жетісуда топырағында туып-өскен  азаматтар облыстың кітапханасына 1500 дана кітапты сыйға тартты.  Жүзден астам автордың еңбектерінен құралған кітапды енді облыстық Сейфуллин атындағы әмбебап кітапхана мен Талдықорғандағы «VIP ZHETYSU» кітапханасынан оқуға болады.

Бастаманы атақты хирург, профессор Нұрлан Арын қолға алып, жүзеге асырыпты. Оған ғалым Ерлан Арын мен «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес қолдау көрсетіпті. Нәтижесінде құны 1 миллион 200 мың теңге тұратын кітап қоры жинақталды.

Айтпақшы, Нұрлан Мұхтарұлының елге жасаған алғашқы сыйлығы емес. Ол туған жерінен қол үзбеген азамат. Және ол алтын қолды оташы ғана емес, ем-дом бағытында 220 ғылыми еңбек жазып, 1 ғылым докторын, 8 ғылым кандитатын тәрбиелеген білікті ұстаз ретінде белгілі. Осы қыста Сарқан аудандық ауруханасында Әлихан есімді балақайға өңеш пластикасы отасын жасап, бүлдіршінді ажалдан арашалап қалған болатын. Әрі ол бұл отаны ешқандай ақысыз, тегін жасаған еді.

- Бұл бастама – Жетісу жұрты үшін бағалы қазына. Ал, осы кітаптарды туған халқына арнайы сыйға тартып отырғандардың бірі – белгілі ғалым-хирург Нұрлан Арын. Ол жыл сайын туған жері Сарқан ауданына келіп, жерлестеріне тегін медициналық қызмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Осының барлығы ғалымның туған аймағына жасап жатқан қамқорлығы, – дейді кітаптарды Алматыдан арнайы барып алып келген Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Рүстем Канапиянов.

Жұрт ықыласына бөленген дәрігер өзінің кәсіби қызметінен бөлек, өңір руханиятының дамуына да үлес қосқаны құптарлық іс.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар