Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2018

Сыр өңірінің журналистері «Егемен Қазақстанда» болды

53 реткөрсетілді

«Сыр медиа» редакторлары өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Егемен Қазақстан» газетінде болды.

Өңірлік басылым редакторларын «Егемен  Қазақстанның» шығармашылық-өндірістік әлеуетімен таныстыру мақсатында өткен кездесуде қазақ басылымдарының ақпарат таратудағы көкейкесті тақырыптары талқыланды. 

Мұндай жиындар мемлекеттік ақпараттық саясатты жүйелі жүргізіп жатқан газеттің мүмкіндігін одан ары арттырары сөзсіз. Аталған шара еліміздің басқа аймақтарынан келген журналистерге де іс-тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік. Қызылорда облысының редакторларын бастап келген «Сыр медиа»  басшысы  бүгінгі өткен жиында шығармашылық өндірісте кездесетін күрмеулі сұрақтардың жауабын тапқанын айтты.

«Еліміздегі алдыңғы көшті бастап келе жатқан газеттен қай басылымның да үйренері көп. Бүгінгі семинарда шешімін таба алмай жүрген сұрақтарымыздың жауабын тапқандай болып отырмыз. Бас басылымның жұмыс істеу саясатының өзгеріп жатқанына өте риза болдық. Әсіресе интернет жүйесімен жаңаша қадам бастап жатқаны ұнады», деді «Сыр медиа» басшысы Аманжол Оңғарбаев.

«Egemen Qazaqstan» газеті оқырманға жақын болу мақсатында сайтта мақалалар мен қоса арнайы видео жобалар  жариялай бастады. Осы орайда Youtube-тан арнайы «Egemen TV» арнасы ашылды. Онда «Өрнек», «Стадион», «Сарапшы пікірі» секілді түрлі жобалар жарық көрді. «Сыр медиа» журналистерін дәл осындай мультимедиялық бағытта ақпарат тарату ісі қызықтырды.

«Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары Қамбар Ахметтің айтуынша, дәл осындай бастамамен өзге де өңір журналистері тәжірибе алмасатын болады.

«Қызылорда облысынан келген әріптестеріміздің ынталы болғанын көрдік. Олардың тарапынан жақсы ұсыныстар айтылды. «Егемен  Қазақстанда» материалдар жариялап, бірлесе жұмыс атқарсақ дейді. Осындай тәжірибе алмасу жөнінде ұсыныстар көбеюде. Алдағы уақытта бізге Шығыс Қазақстан облысының делегациясы келмекші. Біз осындай ұсыныстар түсіп жатқанына қуаныштымыз», деді ол.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар