Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2018

Алматыда  Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі басталды

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» тақырыбында Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі басталды.

Алматыда  Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі басталды

Қыркүйек айының 13-14 күндеріне жоспарланған маңызды мәдени шараға еліміз өңірлерінен екі жүзге тарта кітапхана саласының мамандары келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кітапханашылар съезі республикадағы кітапхана саласының болашақтағы саясатын  айқындайтын, жаңғыртатын және жаңаша серпін беретін маңызды мәдени оқиға болып табылады.

 

Қазақстан  кітапханашылары 1998 жылдан кейін 20 жыл өте барлық жүйелер мен ведомстволардың кітапханалық қауымдастығының алғаш рет басын қосып отыр.  Съезге  отандық кітапхана саласы өкілдерімен қатар АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларының мамандары қатысуда.

«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен басталған мәдени шара кітап көрмесі аясында жалғасты. Съездің ресми бөлімі Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова, ақын Олжас Сүлейменов, ғалым Әбсаттар Дербісәлі, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры В.В.Дуда Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов, ЮНЕСКО өкілдері, т.б. сөз сөйлеп, кітапхананың қоғамдағы рөліне қатысты маңызды мәселелердлі ортаға салды.  

 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ