Үкімет • 13 Қыркүйек, 2018

Бақытжан Сағынтаев Қытайдың қаржы саласының өкілдерімен кездесті

61 реткөрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚХР банк және сақтандыру қызметін реттеу комиссиясының төрағасы Го Шуцин бастаған Қытайдың қаржы жүйесінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі елдің қаржы жүйелерінің өзара тиімді ынтымақтастығы, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қытайдың банк және сақтандыру қызметін реттеу жөніндегі комиссиясы 2018 жылдың сәуір айында Қытайдың банктік және сақтандыру реттеушілерінің бірігуі арқылы құрылды: Банк қызметін реттеу комиссиясы және Сақтандыруды реттеу комиссиясы. Екі комиссияның бірігуі соңғы он бес жылдағы Қытайдың қаржы жүйесін реттеудің ең ірі реформасы болып саналады және Қытайдың қаржылық реттеу қызметінің тиімділігі мен үйлесімділігін арттыруға бағытталған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар