Соңғы раундта Головкиннің сол жақтан ұрған бірнеше соққысы қарсыласына дөп тиді. «Канелоның» аяғы тайып бір жығылып тұрғанымен бұл нокдаун емес еді. 12-ші раундта әбден шаршаған боксшылардың айқасы осылайша нокаутсыз аяқталды. Төрешілердің шешімімен тартысты жекпе-жекте Канело жеңіске жетті.
"Ол тамаша боксшы. Алайда бүгінгі кеште мен басымдығымды айқын көрсеттім" , деді Альварес
Еске сала кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын қос боксшы Лас-Вегаста кездесу өткізіп, төрешілердің шешімімен тең түскен болатын.