27 Желтоқсан, 2011

Миссия басшысын қабылдады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрған­құ­лов ТМД-дан байқаушылар миссиясы штабының бастығы Е.Слободаны қабылдады. Ортсайлауком басшысы миссия жетекшісін сайлау үдерістері барысымен таныстырып өтті. Ал ТМД-дан байқаушылар миссиясы штабының бастығы өз кезегінде сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. «ТМД-дан байқаушылар мис­сиясының штабы жұмысқа кірісті. Біз өз өкілдерімізді рес­публиканың барлық өңірлеріне жіберуді көздеп отырмыз, – деді Е.Слобода қабылдау кезінде. – Сайлауға қатысушы саяси пар­тиялардың өкілдерімен кездесулер өткізуді, сондай-ақ Мәжі­ліс­тің Қазақстан халқы Ассам­блея­сы сайлайтын депутат­та­рын сайлау рәсімдеріне қаты­су­ды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – демократиялық сайлау өткізуге ықпал ету және сайлауды халықаралық бай­қау­дың жалпы мойындалған нор­ма­лары аясында жұмыс істемекпіз. Сонымен қатар, ол сай­лаудың табысты өтуіне тілектестігін білдіріп, қазақстандық тараптың сайлауды байқауды ұйымдастыру үшін қажетті бар­лық жағдайды жасағанын, ал әдістемелік қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдас­тыр­ға­нын атап өтті. Қабылдаудан кейін ОСК төрағасы ТМД-дан байқаушылар миссиясы штабы­ның бастығына 2012 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Мәжілісі де­путаттарының сайлауында ха­лықаралық байқаушы ретінде аккредиттелгені туралы куәлікті табыс етті. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.