27 Желтоқсан, 2011

Байқаушылар қатары толықты

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау ко­миссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министр­лі­гі­нің ұсынуы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым­дардың 38 байқаушысын аккредиттеді. Олардың 34-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құ­рамында. Тағы 4-і – шет мемлекеттердің байқаушылары. Жалпы алғанда, қазіргі сәт­ке Орталық сайлау комис­сия­сы 99 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Олардың 46-сы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутат­т­ары­ның кезектен тыс сайлауын бай­қау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамы­на, 45-і – ТМД-дан байқау­шы­лар Миссиясының құрамына кіреді, ал 8-і – бес шет мем­лекеттің байқаушысы болып табылады. Сондай-ақ, Ортсайлауком оты­рысында «2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақ­стан Республикасы мәсли­хат­тары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Рес­пуб­ликасы мәслихаттарының депу­таттығына кандидаттардың рес­публикалық бюджет қаража­тынан жабылатын шығыс­та­рының нормативтерін белгілеу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы қаулыға өзгерістер енгізілді. 2011 жылғы 16 қараша мен 23 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға 62 өтініш келіп түсті. Олардың ішін­де сайлау науқанының әр­түрлі мәселелері бойынша 45, сайлау комиссияларының, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құрал­дарының қызметіне қатысты 17 өтініш бар. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.