27 Желтоқсан, 2011

Ер есімі – ел есінде

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараздық 7 адамның, оның ішінде 5 құқық қорғау қызметкерінің өмірін қиған қанды оқиғадан бері 40 күн өтті. Осыған орай облыс және қала әкімдері Қ.Бозымбаев пен Б.Орын­беков қоғам тыныштығын сақтау мақсатында ерлікпен қаза тапқан 5 боздақтың отбасыларын жаңа пәтерлермен қамтамасыз етті. Пәтердің кілттері мен жаңа баспананың «көрімдігі» ретінде тарту етілген теледидарларды қаза тапқан тәртіп сақшыларының жұбайлары Г.Тәжиева, Д. Сіметілдә, М. Юсупова, В. Власова және Г.Халиева қабылдап алды. Сондай-ақ, облыстық ІІД бас­шы­лары «Халық Қаһарманы» Г. Байтасов пен 3-дәрежелі «Айбын» ордені­нің  иегерлері атанған Полат Аян­құ­лов пен Жақсыбек Байсейітовке жеке құрам мен еліміздегі ізгі жүректі жандардың арнайы есепшотқа аудар­ған қаржылай көмегін де табыс етті. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.