27 Желтоқсан, 2011

«Самұрық-Қазына» басшысы ауысты

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республи­ка­сы Үкіметінің қаулысымен Ти­мур Асқарұлы Құлыбаев «Са­мұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босат­ыл­ды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Үкімет қаулысымен Қордың басқарма төрағасы болып Өмір­зақ Естайұлы Шөкеев тағайын­далды. Түстен кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың ұжымына жаңа төрағаны таныстырды. «Мемлекет басшысы қа­был­да­ған шешімге орай мен қаулыға тиісті өзгерту енгіздім, Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» бас­шысы ретінде Жаңаөзен қала­сын­дағы әлеуметтік-экономи­ка­лық және гуманитарлық мәсе­ле­лерді жедел шешу жөніндегі Үкіметтік комиссияны басқаруды жалғас­ты­ра­ды», – деді Кәрім Мәсімов ұжым­мен кездесу кезінде.