27 Желтоқсан, 2011

Сенат бюросының кезекті отырысы

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Комитеттер мен Сенат аппаратына республика Үкіметінен келіп түскен заң жобалары берілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Атап айтқанда, «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне заңды тұлға­ларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Конс­титуциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне берілді. Бюрода сондай-ақ биылғы 28 желтоқсанда болатын Сенаттың кезекті жалпы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар қа­ралды. Депутаттар «Телерадио ха­бар­ларын тарату туралы» заң жобасын және қолданыстағы кейбір заңнамалық актілерге телерадио хабарларын тарату мәсе­ле­ле­рі бойынша өзгерістер енгізу ту­ралы заң жобасын бірінші оқы­лымда талқылайтын болады. Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заң жобасы және қолданыстағы бір­қатар заңнамалық актілерге арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау көзделіп отыр. Одан басқа отырыста «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыс­тық-атқару жүйесі мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­­ты­рулар енгізу туралы» заң жо­басын бірінші оқылымда қарау көзделуде. Жалпы отырыста қолда­ныс­тағы кейбір заңнамалық актілерге елімізде  қор нарығын дамыту және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары екінші оқылымда қаралады.