Парламент • 21 Қыркүйек, 2018

Кеңес Хатшылығының өкілімен кездесті

56 реткөрсетілді

Парламент Сенатының Төр­ағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шара­лары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Хатшылығының ат­қарушы директоры, елші Гун Цзяньвэйді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев елші Гун Цзянь­вэй­дің Хатшылық жұмысына қосқан үлесін атап өтіп, осы форумда төра­ғалық еткен мерзім ішінде АӨСШК-ні тиімді қолдағаны үшін Қытай тарапына алғыс білдірді.

Сенат Төрағасының айтуынша, ҚХР-дің қосқан елеулі үле­сінің арқасында АӨСШК аймақ­тық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралына айналып, өзінің өміршеңдігін көрсетті және Азия мемлекеттерін жаһандық сенім шараларының жүйесіне тартудың маңызды факторы бола алды. Форумның 2014 жылғы 20-21 мамырда Шанхай қаласында өткен саммиті және 2016 жылғы 28 сәуірдегі министрлердің кездесуі АӨСШК қызметіндегі маңызды оқиғалар болды. 

«Сіз АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры лауазымын атқарған кезеңде форум қызметінің мазмұнын толықтыру және кеңінен жария ету жөнінде серпінді шаралар өтті», – деді Қ.Тоқаев.
 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Кеше

Ене мен келін

Қоғам • Кеше

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар