28 Желтоқсан, 2011

Арнайы салық тәртібі

697 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Салық кодексі бойынша ша­ғын бизнес субъектілеріне бір­қатар арнайы салық тәртібі белгіленді. Оның мақсаты жекелеген салық түрлерін төлеуді жә­не оны аудару тәртібін жеңіл­дету. Сонымен бірге, салық есебін беру тәртібін реттеу болып табылады.

Мәселен, арнайы салық тәр­тібінің үлгілері:

1. Бір рет берілетін талондар негізінде қолданылады:

1) қызметі дүркін-дүркін ат­қа­рылатын, яғни жыл ішінде 90 күннен аспайтын жеке тұлға­ларға;

2) базар аумағындағы жекелеген ғимараттарда, дүңгіршек­тер­де қызмет істемейтін, өздері­нің тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін ашық жүр­гізетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлға­ларға белгіленген.

Бюджетке төлейтін төлем­дер жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) белгілеген мөл­шер­де бір мезгілдік талондар са­тып алу арқылы өтелетін болады.

2. Патент негізінде – бұл тәр­тіп республикалық бюджет туралы заңға сәйкес белгіленген қаржылық жыл ішінде жыл­дық табыстың 200 ең төменгі деңгейі мөлшерінен аспайтын табыс табатын және жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пай­да­ланбайтын жекелеген кәсіп­кер­лерге қолданылады. Патент­тің құнын жеке кәсіпкерлердің өздері өтейді. Шығынды есептемегендегі табыстың көрсетіл­ген (күтілетін) көлемінің 2  па­йыз мөлшеріндегі ставка қолда­нылып өтеледі;

3. Жеңілдетілген декларация негізінде – бұл тәртіп тоқсан­дық табысы 10,0 миллион тең­геден аспайтын, тізімдегі жұ­мыс­шыларының саны 25 адам­ды құрайтын жеке кәсіпкер­лер­ге, тоқсандық табысы 25 милли­он теңгеден аспайтын, жұ­мыс­шыларының саны 50 адам­ды құрайтын заңды тұлғаларға қол­данылады. Жеңілдетілген дек­ларация бойынша салық тө­лем­дерін өтеу, сонымен бірге салық төлеушілердің өз еркімен жүр­гізуіне де жол ашады. Бұл ретте салық салынатын нысанға есепті салық мерзімінде 3 пайыз мөл­шеріндегі ставка белгіленеді.

Сонымен бірге, аграрлық са­ланың субъектілері үшін де бюд­жетпен төлем өтеу мәсе­ле­лері бойынша ерекше тәртіп белгіленген.

1. Бірыңғай жер салығын тө­леу негізінде фермерлік шаруа­шы­лықтарға немесе шаруа қо­жалықтары үшін арнаулы салық тәртібі белгіленген – бұл тәртіп өз өндірісінде ауылшаруашы­лық өнімдерін қайта өңдейтін, ауылшаруашылық өнімдерін ө­н­діру бойынша қызмет атқара­тын және оларды сататын субъ­ек­тілерге қолданылады. Жайы­лым бойынша бірыңғай жер салығын өтеу нысандарына 0,1 пайыз ставкасы қолданылатын жер учаскесінің бағалық құны негіз болып табылады. Егістік жер бойынша бірыңғай жер са­лығын өтеу объектілеріне жер учаскесінің бағалық құнының жер учаскесінің көлеміне бай­ла­нысты 0,1-ден 0,4 пайызға дейін­гі ставкасын өтеу белгіленген.

2. Заңды тұлғалар үшін ар­найы салық тәртібі – ауыл ша­руашылығы өнімдерін, аквакультура (балық аулау) өнді­ру­ші­лер және селолық тұтыну коперативтері, сондай-ақ ауыл­ша­руашылық өнімдерін өндіру, өз өндірісінің ауылшаруашылық тау­арларын өңдеу және сатумен (өсімдік, құс, мал  шаруа­шы­лы­ғы (асыл тұқымды малдарды қосқанда), бал арасы, аквакультура, (балық аулау)) айналы­са­тын заңды тұлғаларға және ау­ыл­дық тұтыну кооперативтеріне қолданылады. Бұл тәртіп корпоративтік табыс салығын, әлеу­меттік салықты, жер салы­ғын, мүлікке салынатын салық­ты, көлік құралдарына салына­тын салықты, қосымша құнға са­лынатын салықты, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін тө­ленетін өтем ақыларды өтеу кезінде айрықша тәртіп қол­да­нуды қарастырады. Бюджетке төленуге тиіс салық сомасы 70 пайызға төмендетіледі.

Қосымша хабарлаймыз, аза­маттардың, ұйымдардың және жалпы мемлекеттің заңды құ­қық­тарын және мүдделерін қор­ғау мақсатында, сонымен бірге салық қызметі инспекторла­ры­ның тарапынан жіберілген қыз­меттік және сыбайластық тәртіп бұзушылықтарды, қызмет эти­ка­сын сақтамаған оқиғаларды  хабарлау үшін, қоғамның сенімін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласындағы Алматы аудандық салық басқармасында 8 (7172) 37-68-03 сенім теле­фо­ны жұмыс істейді және шағым­дар мен ұсыныстар жәшігі орнатылған.

Жоғарыда айтылғандарды ес­­кере келіп, азаматтардың өз­дерінің заңдық құқықтарын сақ­­тау мақсатында салық заң­ды­лықтары нормасын оқуды жә­не салық міндеттерін дер кезінде және толық көлемде ор­ын­­дау қажеттігін еске саламыз.

Камила КЕНЖЕБАЕВА, арнайы салық тәртібінің маманы.