![Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты](/article_photo/1537600500_article_b.jpeg)
Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, марқұмның отбасына және туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.
Чан Дай Куанг бар ғұмырын Вьетнамның дамуы мен өркендеуіне, халықаралық аренадағы беделін арттыруға арнады. Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде қазақстандықтардың есінде қалады», – делінген жеделхатта.