28 Желтоқсан, 2011

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

403 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Салық қызметі органдарының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қа­зақстан Республикасы кодек­сінің 18-бабының 1-тармағының 1) тар­мақшасына сәйкес басты мін­дет­те­рінің бірі салықтар және бюд­жетке басқа да міндетті тө­лем­дер­дің уақтылы және толық түрде тү­суі болып табылады. Са­лық тө­леу­шінің салықтар және бюджетке басқа да міндетті тө­лемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындамау немесе уақы­ты­нан кейін орындау кезінде салық қызметі органдары салық міндеттемесін орындау әдісін қол­дануы міндетті және Салық кодексіне сәйкес салық төлеу­ші­нің салық берешегін мәжбүрлі түр­де өндіріп алуы керек. Салық ко­дексінің 609-бабының 1-тарма­ғы­ның 3) тар­мақшасына сәйкес са­лық берешегін мәжбүрлі түрде өндіріп алу әдісінің бірі салық төлеушінің мүл­­кін шектеу шешімі болып табылады. Салық төлеушінің (салық аген­тінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру са­лық қызметімен мынадай жағдай­да жүргізіледі: 1. Салық берешегін өтеу ту­ралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде са­лық берешегі өтелмеген жағдайда. 2. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шы­ғыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операция­ла­ры­ның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен олар­ды салық берешегін, міндетті зей­нетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады. Салық органының касса бой­ынша шығыс операцияларын тоқ­тата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиіс. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық­та болады. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс кү­ні­нен кешіктірмей салық органы­ның кассасы бойынша шығыс опе­рацияларын тоқтата тұру ту­ралы өкімінің күшін жояды. Осыған байланысты, салық төлеушілерге салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлем­дер­дің уақтылы және толық түр­де төлеуін ескертеміз.  Асхат САМЕТОВ, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша салық басқармасының мәжбүрлі өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы.