28 Желтоқсан, 2011

Кеңестің кезекті отырысы

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.До­нақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Құқық­тық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес отырысында корпоративтік дауларды жеңілдетіп шешу институттарын одан әрі да­мыту тұжырымдамасы қарасты­рыл­ды. Аталған мәселелер бой­ын­ша Әділет министрлігінің ақ­параты тыңдалды.

Сондай-ақ кеңестің отыры­сын­да Құқықтық саясат жөнін­дегі кеңестің биылғы жылғы жұмысы қорытындыланды және Кеңестің 2012 жылғы Жұмыс жоспарының жобасы мақұл­данды.

Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсы­нымдары Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасын және құ­қық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.